Президент

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына өзінің кезекті Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысы орындауға тиісті 10 негізгі бағытты айқындап берді. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев осы жолдауда «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық» – деп айтқан болатын. Шыны керек, біздің мемлекетімізді бүкіл әлем танып, қызыға да, қызғана қарайды. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін қалыптастырған  имиджімізді түсірмей, алпауыт мемлекеттермен білім, ғылым, экономика, мәдениет жағынан бәсекеге қабілетті болу үшін Жолдауда көрсетілген әрбір міндет толыққанды орындалуы тиіс.

Жолдауды оқып барлығын ой елегінен өткізгеннен кейін, кейбір бағыттарға тоқталғанды жөн көрдім. Соның ішінде  адам және азаматтардың құқықтарына қатысты міндеттерге қысқаша шолу жасап өтсем.

Елбасы белгілеген «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» атты екінші міндет бойынша былай деді: «Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу міндетін қойдық. Қазір бізде жалпы қуаттылығы 336 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 55 нысаны жұмыс істейді. Соларда 2017 жылы 1,1 миллиард киловатт-сағат «жасыл» энергия өндірілген болатын» – деп нақты статистикалық мәліметке тоқталды. Сондай-ақ «Өңірлердің әкімдері шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керек» деді. Осыған байланысты «Экологиялық кодекске» өзгертулер енгізу қажет екенін баса айтты. Осы тұста айта кетейік, егер барлық тұжырымды ойлар іске асса, онда  еліміздің ресурстық әлеуеті арта түспек.

Келесі жетінші міндет:«Адами каптал –жаңғыру негізі» деп аталады. Осы міндет бойынша азаматтарға  білім беру мен оқыту мәселелерін негізгі міндет етіп қояды. Қазіргі уақытта әлем тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық жетістік жаңа білім мен технологиялық үрдістермен тығыз байланысты. Бүгінде табысқа жету үшін адам капиталының ресурстарын арттырудың орны ерекше. Елбасымыз «Адами капитал» мәселесін қашанда алдыңғы орынға қойып келеді. Қазақстандықтардың болашағын  қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен байланыстыра отырып, латын әліпбиіне көшу керектігінде басты назарға алады. Сонымен қатар, халықтың денсаулығына қатысты мәселеге де бей-жай қарамайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңмен көшуіміз керекпіз. Медициналық кадрлар даярлау қажеттігін және осы сала бойынша жоғары оқу орындарында медициналық клиникаларды ашу керек деген міндет белгілейді. Осы айтылған шараларды жүзеге асыру үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің жаңа редакциясын әзірлеу қажет.

Тағы бір маңызды міндет етіп азаматтардың еңбек ету құқықтары туралы да сөз қозғады…

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бірыңғай электрондық еңбек биржасын кең ауқымда енгізу қажет. Онда бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеушілер туралы ақпарат жиналуға тиіс. Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ кәсіби бағдарлы тест тапсырып, оқу курстары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы біліп, өзін қызықтыратын жұмыс таба алатын болады» деді .

Еңбек кітапшаларын электронды форматқа көшіру керектігін, 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін еңбек биржасы туралы заңды қабылдау қажеттігін айта отыра «Кім көп жұмыс істесе сол көп зейнетақы алатын болады»-деп халыққа үлкен ой салды. Осы сөз арқылы Қазақстандықтарды жұмыс істеуге, еңбек етуге үндеді. Демек, кезінде Леонардо да Винчидің  «Кім көп еңбек етсе, сол адам бақытты болады» деген сөзімен сәйкес келіп тұрғандай. Сіздің келешекте алатын зейнетақыңыз тікелей қазіргі еткен еңбегіңізбен өлшенетін болады. «Еңбек- қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» – деп Абай атамыз айтқандай, біздің президентімізде сол жалқаулықтан айырылып халықты  жаппай еңбек етуге шақырды.

Келесі тоғызыншы міндет: «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» аталады. Осы міндет бойынша қазіргі таңда елімізде жемқорлыққа қарсы заңдардың күшейтілгені және парақорлыққа қатысты күрестің жалғаса беретінін ескертті. Осыған байланысты соңғы 3 жылда жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды – деді мемлекет басшысы. Бұл нені көрсетеді? Яғни, бұл дегеніміз заң бәріне ортақ деген сөз. Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Егер заңға бағынбай өзінің жеке басының қажеттілігі үшін мемлекетті алдаса «Қылмыс түбі – жаза» екенін естен шығармаған абзал.

Келесі азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдіктерін нығайту керектігін, құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету мәселелерін де алға қойды. Әрине Қазақстан құқықтық мемлекет болған соң, онда құқықтықтың үстемдігі басым болуы керек. Әр азамат өзіне берілген құқықтар мен міндетерді дұрыс қолдана білу қажет. Заңды білу-заман талабы десек, әрбір азамат заңды құрметтеуді, құқықбұзушылыққа жол бермеуді өзінен бастау керек. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол ережесін бұзбау және де тағы да басқа қоғамға кері әсер ететін жағдайларға жол бермеу бұл әрбір азаматтың құқықтық мәдениетін көрсетеді. Сол себептен де біздің еліміздің азаматтарын ең алдымен құқықтық сауаттыллықтары мен құқықтық мәдениетін көтеру керек. Сонда ғана толық құқықтық мемлекетке айналып, ішкі тұрақтылықты сақтай аламыз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сөз түйінін былай деп қорытындылады: «Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы байланысты нақтылай түсті» деді. Расында да, 2017 жылдың 26 қаңтарында мемлекетіміздің басты заңы  – Конституциямызға елеулі өзгерістер енгізілген болатын. Яғни, Президент өзінің кейбір өкілеттіліктерін Парламент пен Үкіметке тең жүктеп, билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті.

Биылғы Жолдауды оқи отырып, еліміздің көптеген жетістіктерге қол жеткізгенін және де әлі атқарылар міндеттің көп екендігін көрдік. Көреген көшбасшысымыз бар да біз осы міндеттерді абыроймен атқарып, алда талай жетістіктерге жетеміз деген сенімдемін. Ұрпағына ой салар, осындай Жолдау қашанда қазақ елі үшін маңызды болмақ. Жолдау еліміздің егемендігін анықтайтын саяси-құқықтық құжат десек артық айтқандық емес. Себебі осы Жолдау біздің көптеген құқықтарымыздың жүзеге асырылуына негіз болары сөзсіз.

Нұргүл Шаймарданова

 399 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *