IMG-20180112-WA0004

Семей. 12.01. “Semeyainasy” – Елбасы жолдауы – қалың бұқараны сара жолға салатын жол. Қазіргі таңда Қазақстанның нық қадаммен алға қарай ілгерлеп дамуына Елбасымыздың халыққа жолдаған әрбір жолдауы  тұрғындар арасында дұрыс түсіндіріліп, кеңінен насихатталу жұмыстары жүргізілу керек. Әрбір айтылған тұжырымды ойлар жүзеге асырылып, барлық тарауларда көрсетілген жоспарлар орындалып, жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін еліміздің әр өңірі бесенділік танытып, талмай еңбек ету қажет. Осыдан үш күн бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланғаны барлығымызға белгілі. Осы орайда Жолдауды Қазақстанның әр түпкірінде жан-жақты талқылап, көптеген жиындар мен брифингтар өткізілуде. Біздің қаламызда қалыс қалмай , ел ауызында жүрген Елбасының  Жолдауын талқылау мақсатында шаһарымыздағы Достық үйінде дөңгелек үстел болып өтті.

Алқалы жиынға «Ахау-Семей» қазақ мәдениет орталығының әжелері, жергілікті билік өкілдері, журналистер, қоғам қайраткерлері мен Семейдің бір топ белсенді азаматшалары қатысып, Жолдаудың әрбір бағытына  жекелей тоқталып, өздерінің келелі ойларын ортаға салды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жолдауда «Біз әлем елдерінің сенімі мен құрметіне бөленіп, брендке айналған тәуелсіз Қазақстанды құрдық» -деп айтқан болатын. Шыны керек, біздің мемлекетімізді бүкіл әлем танып, қызыға да, қызғана қарайды. Сондықтан да бүгінгі күнге дейін қалыптастырған  имиджімізді түсірмей, алпауыт мемлекеттермен білім, ғылым, экономика, мәдениет жағынан бәсекеге қабілетті болу үшін Елбасы жолдауының маңыздылығы өте жоғары екенін естен шығармағанымыз абзал.

 

Ғанибек Түсіпбек

 485 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *