IMG-20171230-WA0008

Семей. 30.12. “Semeyainasy” – Қоғамда көпбалалы аналардың статусын жоғары қойып, оларға көмек қолын созу, балалырына қандай да болсын жақсы игі іс жасау арқылы біз өмір сүріп жатқан әлемде олардың орны еркеше екендігін аңғарта аламыз. Қазіргі уақытта жасыратыны жоқ көп азаматшалар көпбалалы ана болудан қорқақтайтыны кімге де болсын шындық. Көпбалалы отбасылар шынымен де батыр жандар. Олар Қазақстанның демографиясын жоғарлатып, болашақта халқына адал қызмет ететін бүлдіршіндерді тәрбиелеп, үй ішін гүлдендіріп отыр.  Біз оларды ешқашан ұмытпай, әрдайм жандарынан табылып, балаларына қуаныш сыйласақ нұр үстіне нұр болар еді. Бүгін осы орайда «Семей Айнасы» ақпараттық агенттігінің ұжымы жаңа жыл мерекесі қарсаңында Балғабаевтар отбасының шаңырағына барып қайтты.

Үйдің ішіне кіре салысымен 4 баланың анасы  Құралай ханым мен бүлдіршіндері Айзере, Аружан, Арман бізді күлімдеп қарсы алды. Біздің журналистер өздерін таныстырғаннан кейін кішкентай балақайларды келе жатқан жаңа жыл мерекелерімен құттықтап, арнайы қорапшадағы тәттілер, түрлі ойыншықтар мен киім-кешектерді табыс етті. Бір қызығы балалар бізді жатырқамады керісінше бізбен бірге ойнап, өздерінің арнай дайындаған тақпақтарын оқып берді.

4 баланың анасы Құралай Имамадиева:

— Бүгін келіп бізді қуантып жатқан «Семей Айнасы» ұжымына алғысым шексіз. Сіздер келеді деп естігенде шыны керек қатты қуандым. Жасап жатқан жұмыстарыңыз берекелі болсын. Барлық Қазақстан азаматтарын келе жатқан жаңа жыл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін. Ел іргесі тыныш, аспанымыз  әрдайым ашық болсын.

Бізде осы айтылған тілектерге қосыла отырып, барша «Семей Айнасы» газетінің оқырмандарына жаңа жылда тек биік шындарды бағындырып, аңсаған армандарыңыздың асуына жете берулеріңізге тілектеспіз.

 

Ғанибек Түсіпбек

 648 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *