IMG_7711

Семей. 26.12. «Semeyainasy» – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің атауы «Алаш» атауына өзгеруі мүмкін. Бұл туралы бүгін Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен тұсаукесерде университет ректоры Шырын Құрманбаева айтты.

– Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне биыл 20 жыл толады. Осы мерейлі датаға орай университет атауын «Алаш» деп өзгерту туралы студенттер мен қала жұртшылығына ұсынып тастап жатырмыз. Алдағы уақытта көпшілік тарапынан қолдау тауып жатса, нұр үстіне нұр болар еді, – деді Шырын Асылханқызы.

Осы кеште сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің докторанты, зерттеуші Раиса Төлеуқызының «Алаш бекзаты» атты монографиясының тұсаукесері өтті. Монография Алаштың саяси қайраткері Халел Ғаббасұлының қызметі мен өміріне арналған.

ІІ  бөлімнен тұратын еңбек 200 данамен басылып шыққан. Кітаптың тұсаукесері бұған дейін Астана қаласында өткен. Шараға музей қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, автордың әріптестері мен шәкірттері және тарихшылар қатысып, кітап жайлы ойларын ортаға салды.

 

Айзада Сламбаева

 1,007 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *