DSC_0743

Семей. 15.12. «Semeyainasy» – Бүгін Юность кентінде салынған «Ер-таң – 1» шағын орталығы ашылды. Қала әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенконың қатысуымен ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында тұсауы кесілген мекеменің 300 балаға білім беруге мүмкіндігі бар.

Юность шағын ауданының тұрғындарына жаңа шағын орталықтың ашылуы зор қуаныш сыйлады. Себебі балабақшаға кезекте тұрған бүлдіршіндердің 1 мыңнан астамы дәл осы ауданда тұрады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде бой көтерген орталықтың құрылтайшысы Қайрат Кандебаев мемлекеттен 360 млн.теңге көлемінде инвестиция алған.

Орталықта 1-6 жас аралығындағы балаларға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беріледі. 300 орынның барлығы да бюджет есебінен қаржыландырылмақ. Ай сайынғы ақысы 10 200 теңгені құрайды. Қазір мұнда 17 педагог-маман жұмыс істейді.

Ең бастысы, мектепалды мекемелердің тапшылығы байқалып отырған қаланың сол жақ бөлігінде тағы бір шағын орталық пайдалануға берілді.  Бұл жұмыссыздық деңгейін төмендетуге біршама септігін тигізгені хақ.

 

Айзада Сламбаева

 471 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *