Семей. 15.12. «Semeyainasy» – Бүгін Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов «Казполиграф» ЖШС-ның қызметкерлерімен кездесіп, жиналған жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.
Семейдегі «Казполиграф» серіктестігі түрлі өнім қаптамаларын өндіретін ірі серіктестік ретінде Қазақстан, Орта Азия және Сібір аумақтарында танымал. Комбинат қаптама дизайнынан бастап оны тапсырыс берушіге жеткізу ісін өзі жүзеге асырады.
– Келер жылы қала бюджетінің жалпы сомасы 67 млрд.теңгені құрайтын болады. Соңғы үш жылда кіріс көлемі 4 млрд. теңгеге өсті. Бұл – біздің қала үшін үлкен жетістік. Жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, көп жылдан бері қордаланып қалған жылу беру мәселесі де реттелді. Алдағы жаз айында ыстық су беру мәселесі де шешімін таппақ. Сонымен қатар білім беру ісіне де баса көңіл бөлініп, балалар бақшалары мен мектептер салынуда. Игі істердің барлығы да Тәуелсіздіктің арқасы. 20 жыл бұрын, бүкіл әлем елдері экономикалық дағдарысқа ұшыраған уақытта шетелдік сарапшылар Қазақстанның болашағының жарқын болуы екіталай деп болжаған еді. Алайда бұл қате пікір екенін уақыт та, тарих та дәлелдеп берді. Осы орайда еліміздің ең басты құндылығы саналатын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға береке-бірлік, қажымас қайрат, мықты денсаулық тілеймін, – деген Ермак Сәлімов «Казполиграф» ЖШС директоры Темірлан Оралбаевқа Семей қаласы әкімінің Құрмет Грамотасын табыстады.
Серіктестік жұмысшыларымен кездесуден соң, өңір басшысы «Казполиграф» мекемесінің өндіріс цехтарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.
Айзада Сламбаева
528 всего, 3