IMG-20171215-WA0020

Семей. 15.12. “Semeyainasy” – Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын өзіндік ерекше иірімдерімен ерекшеленеді. Дегенмен халқымыздың ұлттық би өнері шарықтау шегiне  жете қойған жоқ, әлі де жаңғыртуды қажет етеді.Қазіргі уақытта ұлттық би өнерінің назардан тыс қалып жатқаны да жасырын емес. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында бүгін қаламыздағы Достық үйінде Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің  26 жылдығына арналған «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Семей қаласының  жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен және «ШҚО Жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің  ұйымдастыруымен «Ұлттық билер 2017» сайысы өтті. Сайысқа Семей қаласының 4 колледжінен келген 6 би тобы сынға түсіп, «Қазақ биi», «Айжан қыз», «Қаражорға», «Былқылдақ» сияқты билерді шеберлікпен орындап шықты.

IMG-20171215-WA0021

«Ұлттық билер 2017» жарысының қорытындысына сәйкес, Бұлбұл Зайытова жетекшілік ететін Көлік колледжі мен Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледждің биші қыздары  І орынды иеленіп, жеңістің ең биік тұғырынан көрінді. Қалған қатысушы  топтарға түрлі номинациялар мен ақшалай сыйлықтар  табыс етілді.

«Семей қаласының  жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айбек Ғапуов:

— Мен бидi өнердің бөлiнбес бiр бөлшегi деп қараймын. Ол сiз бен бiздiң бар өмiрiмiздiң қозғалыстарымен өрiлген көркем өрнегi, оның маңызы мен мазмұны сияқты болып көрiнедi. Сол себептен де ұлттық би қазынамызды жоғалтып алмай, әрдайым би жарыстарын жиі ұйымдастырып тұрсақ нұр үстіне нұр болар еді. Ал жалпы бүгінгі өнер көрсеткен бишілерге қарасам, шынымен де барлығы да жақсы биледі, маған өте қатты ұнады. Бүгінгі би сайысын алғаш рет ұйымдастырып жатырмыз, бұйырса алдағы уақытта дәстүрлі түрде өтуіне бар күшімізді саламыз.

Ғанибек Түсіпбек

 481 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *