DSC_0715

Семей. 12.12. “Semeyainasy” – Ұлттық бірегейлік мәселесі рухани жаңғыру процесінің өзегі іспеттес. Өйткені саяси тұрақтылықтың да, отбасының беріктігі мен мәдениеттің жай-күйі де ұлттық және азаматтық бірегейлікпен тығыз  байланысты. Бүгінгі жаһандану заманында діннің атқарар қызметі мен қоғамдағы орны орасан зор. Елдің болашағы – жастардың өзге діни ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін мемлекет бірқатар шаралар мен профилактикалық жұмыстарды қолға алған. Осыған орай, бүгін қаламыздағы Абай атындағы әмбебап кітапханада «Рухани жаңғыру: «Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтаудағы отбасының рөлі» тақырыбында республикалық форум өтті. Форумның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын арттыру арқылы мемлекеттегі тұрақтылықты сақтау.

Қазіргі таңда әлемді толғандырып отырған өзекті проблемалардың бірі – теріс пиғылды діни ағымдар мен секталардың кең қанат жаюы. Елімізде адам өмірі мен ұлт біртұтастығына кесірін тигізетін бұндай ағымдардың қызметіне тыйым салынған. Азаматтардың санасын улап, белгілі бір идея мен идеологияны насихаттап, психологиялық тәсілдерге жүгінетін жат ағымдардың қызметіне тосқауыл қою – адамзаттың  саулығы үшін маңызды мәселе.

Форум барысында айтылғандай, қазіргі күні ата-анасының бақылауынсыз мешітке барып, теріс ағымды уағыздаушылардың соңынан еріп кетіп жатқан балалар саны көбейген. Сол үшін Заңға толықтырулар енгізіліп, 16  жасқа дейінгі жасөспірімдер мешітке ата-анасының рұқсатынсыз кіргізілмейтін болды. Сондай-ақ алдағы уақытта  қоғамдық орындарда никаб, паранжа киюге заң жүзінде тыйым салынбақ. Мектеп оқушыларының да білім ошағында хиджаб киюі дұрыс емес дейді мамандар.

Семей қаласының «Қос мұнаралы» мешітінің наиб имамы Бекзат Баешов:

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекетімізде әр ұлт, әр тұлға өз наным сенімдерімен өмір сүре алады. Егемендігімізді алғаннан бері Елбасының қолдауымен 2500-ден астам  мешіттер салынды. Біздің халықтың басым бөлігі Ислам дінін ұстанады. Бірақ қазіргі қоғамда мектепте орамал тағу мәселелері күрделі тартысқа айналып бара жатыр. Қазақстан Мұсылмандар басқармасының ғұламалар кеңесінің пәтуасына сүйеніп айтсам, мектеп қабырғасындағы балиғат  жасқа толмаған қыз балалар үшін орамал тағу шарт емес.  Қарап отырсаңыздар, бастауыш сынып оқушыларына орамал таққызып жатқан ата-аналар бар. Ерте бастан үйрету мақсатымен тағып жатырмыз деп уəж айтады олар. Осы орайда  түсініспеушіліктер туындап жатқаны рас. Себебі, бұл дұрыс емес. Мектептің өз тәртібі бар. Онда орамал тағуға тыйым салынған. Басқа мемлекеттердің салт-дәстүрін бізге әкелудің қажеті жоқ.Əйелдердің қара киініп, бетін тұмшалауына қарсымын. Еліктеушіліктен аулақ болып, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды бағалайық.

Сонымен қатар алқалы жиын аясында Семей, Өскемен, Аягөз, Зайсан қалаларының қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қала әкімі Ермак Сәлімов те көрмеден бұйымдар сатып алды.

«Ахау-Семей» қазақ мәдениет орталығының төрайымы Гүлжихан Жұматаева:

—Бүгін мен Аягөз қаласынан келген  Ырысқайша деген кәсіпкерден шөбереме тоқылған, әдемі өрнектелген киімдер сатып алдым. Осы жерде көрме ұйымдастырып, қолөнер бұйымдарының сатылып жатқаны көңіл қуантарлық. Мұның барлығы бұрынғы салт-дәстүрлерімізді жаңғырту болып табылады.  Бұйымдардың сапасы өте жоғары деп есептеймін. Барлық аудандардың жұмыстарын қарап шықтым.  Маған ұнаған киімдер Аягөз қаласының көрмесінен ғана табылды.

IMG-20171212-WA0005

Ғанибек Түсіпбек      

 546 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *