Семей. 06. 12. «Semeyainasy» – Қалалық мәдениет сарайында қазақ қыздарынан шыққан алғашқы журналист, қоғам қайраткері, жазушы, аудармашы Нәзипа Құлжанованың 130 жылдық мерейтойына орай мерекелік шара өтті.
Шараны ұйымдастырушы – Республикалық “Абай Құнанбаев” қоғамдық қоры. Алғы сөз аталмыш қордың президенті, КСРО Мəдениет саласының үздік қызметкері, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Отантай Кәріпжановқа берілді. Сондай-ақ шара барысында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Арап Еспенбетов Нәзипа Құлжанованың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама оқыды.
Кеште М.Төлеубаев атындағы музыкалық колледжінің, сонымен қатар облыстық Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның және Қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары өнер көрсетті.
Отантай Кәріпжанов:
«Жастарға Нәзипа апамыздың өмірі, творчествосы, ел үшін жасаған еңбегі үлгі-өнеге болатынына сенімдімін. Ол кісінің есімі ұмыт қалмайды. Той тойға ұлыса берсін».
Асель Қайырбекова
517 всего, 12