Семей. 05.12. «Semeyainasy» – Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі – зейнетақы жүйесі. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерістерді Қазақстан Республикасының әрбір азаматына түсіндіру міндетті. Бүгін осыған орай, «БЖЗҚ» АҚ аймақтық филиалының директоры Дмитрий Богомолов және оның орынбасары Марал Байтабанова баспасөз мәслихатын өткізді.
Осыған дейін де әйелдердің зейнет жасын ұзарту мәселесі қызу талқыға түскен еді. Қалай болса да жаңа заң өз күшіне енді. Әйелдер ендігі уақытта 63 жастан зейнетке шығады.
2014 жылы зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту туралы Елбасының 2030 жылға дейінгі реформасы бекітілгені белгілі. Осы тұжырымдамаға сәйкес, 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер өз күшіне енеді. Нақтырақ айтқанда, әйелдердің зейнетке шығу жасын 6 айдан көбейте отырып, 2027 жылға қарай 63-ке жеткізу жоспарланған. Осылайша 9 жылдың ішінде әйелдердің зейнет жасы 63 жас болып белгіленбек.
Сондай-ақ 2108 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып тағайындалады. Яғни базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгеретін болады. Бұдан былай барлық зейнеткер үшін базалық зейнетақы 14 466 теңге көлемінде беріледі.
Ал 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ жүйеде белгіленген зейнетақыны ала алмайды. Бұл дегеніміз 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейді. Дегенмен бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандындырудың ең төменгі кепілдіктерін (базалық зейнетақы) алуға құқылы.
Ғанибек Түсіпбек
452 всего, 12