IMG-20171129-WA0018

Семей. 29.11. «Semeyainasy» – Бүгінде елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған. Оладың қоғамнан алшақтамай тең дәрежеде болуы үшін мемлекет көптеген жобаларды жүзеге асыруда. Жыл сайын Қазақстанның әр түпкірінде шығармашылық қабілеттерін одан әрі шындау мақсатында түрлі фествальдер, сайыстар өткізіліп келеді. Бүгін осыған орай шаһарымыздағы Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Тұңғыш Президент күніне және дүниежүзілік балалар күніне орайластырылып «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балалардың «Күн  шуағы» атты шығармашылық фестивалі өтті. Кештің ашылу салтанатында қала әкімі Ермак Сәлімов барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, қоғамдық жұмысқа белсене ат салысып жүрген азаматтарды  мақтау қағаздарымен марапаттады.

IMG-20171129-WA0019

Дәстүрлі 11-ші рет ұйымдастырылып келе жатқан мерекелік-шараға  қаламыздағы «№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат», «№4 нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты» және арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. Олардың өнерге деген махаббаты, өмірге деген құлшыныстары кез-келген адамды бей-жай қалдырмады. Әрбір орындаған әндері жүрекке жетіп, сахналық образдары талайларды таңқалдырды. Сондай-ақ олар ым-ишара қимылдары арқылы патриоттық әндер орындады. Айта кетерлігі, барлық өнер көрсеткен мүмкіндігі шектеулі жандар облыстық, республикалық  байқаулардың жүлдегерлері.

Сонымен қатар фестиваль аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарының көрмесі ұсынылды.

Ғанибек Түсіпбек

 

 494 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *