IMG_6638

Семей. 27.11. «Semeyainasy» – ШҚО ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтетін дәстүрлі жастар форумы биыл Семей қаласында өтті. ШҚО-ның 1000-ға жуық белсенді жасының басын біріктірген айтулы шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылыпты. «Біздің №1» атты ХVII облыстық жастар форумының ашылуы жексенбі, 26 қараша күні Абай атындағы әмбебап кітапханасында өткен семинардан бастау алды.

Қалалар мен аудандардағы жастар орталықтары директорлары мен белсенді жастары, жастар мәслихаты хатшылары бас қосқан форум 3 күнге созылды. ШҚО-да биыл тұңғыш рет сайланған жастар мәслихаты депутаттары да аталған шарадан қалыс қалған жоқ. Семинар жұмысында ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Серік Жеңісов пен Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев және ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығы директоры Арайлым Есімбекова да қатысты.

ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Серік Жеңісов:

– Жыл сайын кезекпен Өскемен және Семей қалаларында жастар форумын ұйымдастырып келеміз. Биыл міне, Семей қаласына жолымыз түсті. Семей – облыста ғана емес, ел көлемінде маңызы бар ауқымды қалалардың бірі. Семей – еліміздің рухани астанасы. Осы қалада Алашорда үкіметінің 100 жылдығын аталып өтті, ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың ескерткіші қойылды. Алдағы жылы «Абай – Арена» атты ірі кешен бой көтермек. Кешен құрылысы ақталған уақытта бес мың жастың басын біріктіретін үлкен форум өткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл сіздердің ұсыныстарыңызбен ХVII облыстық жастар форумы кең көлемде ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын семинармен, марапаттаумен ғана шектеліп қалатынбыз. Осы жолы форумға қатысушылардың саны да артты. Өзіндік азаматтық көзқарасы бар белсенді жастармен бүгін бас қосып, пікір алмасып отырғаныма қуаныштымын. Ұтымды ойларыңыз бен ұсыныстарыңыз болса біздің тараптан міндетті түрде қолдау табатын болады.

Форум аясында «ШҚО жастар ресурстық орталықтарының жұмысын стандарттау», «Жастар көшбасшыларының кейсі» және «Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік пен этика» тақырыптарында семинар-тренинг өтіп, жастар өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ бүгін  «Шығыс мақтаныштарының шыққан шыңы» тақырыбында Дастан кинотеатрының ғимаратында саясаттанушы Саясат Нұрбек, ақын Қалқаман Сарин және Қазақстан жастарының конгресі директоры Айдын Сәбитовпен TEDx форматында еркін кездесу ұйымдастырылды. Ал кешке Тайқазан мейрамханасында облыс аумағындағы түрлі салада қызмет атқаратын 150-ден астам жұптың қатысуымен салтанатты кеш өтіп, белсенді жастар ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің дәстүрлі «Жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығының 7 аталымы бойынша марапатталатын болады.

Айзада Сламбаева

 407 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *