Семей. 25.11. “Semeyainasy” – Қаламыздағы Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 25 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті.
Генерал-лейтенант, халық қаһарманы Бақытжан Ертаевтың көшбасшылығымен ауған соғысының ардагерлері, бірнеше жыл бұрын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында басшылық еткен генерал-майор Мұрат Бектанов пен генерал-майор Николай Поспелов бастаған әскери шенділер мерекенің меймандары болды.
Қала әкімі Ермак Сәлімов сарбаздарды құттықтай отырып, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы Нұрлан Қашағановқа арнайы сый табыс етті.
Жұлдыз Қожахметова- ефрейтор, 54770 әскери бөлімі:
– Қолбасшымыз, генерал-майор Нұрлан Қашағановқа осындай іс- шара ұйымдастырғанына алғыс айтамыз. Осының барлығы сол кісінің еңбегі. Жалпы, келген барлық қонақтарға, ардагерлерге рақмет. «Шығыс» өнірлік қолбасшылығына үлкен жетістік тілеймін. Осылай өркендей берсін.
Асель Қайырбекова
335 всего, 3