DSC_0324

Семей. 24.11. “Semeyainasy” – Семей мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, Семей облыстық акушерлер мен гинекологтар ғылыми қоғамының негізін салушы Алаш Қозбағаровтың  туғанына 100 жыл толуына орай «Акушерлік және гинекологияның заманауи аспектілері» тақырыбында ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.

Семей медициналық институтында акушерлік және гинекология кафедрасын басқарып, табан аудармай 20 жыл нәтижелі еңбек еткен ғалымның құрметіне арнайы ұйымдастырылған конференцияға ғалымның қызы Светлана Қозбағарова мен немересі Инесса да қатысты.

Конференция барысында СММУ-нің Акушерлік және гинекология бойынша интернатура кафедрасының доценті Долорес Курмангалиева «Алаш Қозбағаровтың өмір жолы» туралы баяндады. Алаш Ахметжанұлының  замандастары, шәкірттері, әріптестері жылы естеліктермен  бөлісті. Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев қала әкімі Ермак Сәлімов атынан конференция жұмысына сәттілік тілеп, Алаш Қозбағорвтың әкесі Ахметжан Қозбағаров туралы зерттеу жұмысын оқыды.

Сонымен қатар Семей медицина университетінің докторанты Гаухар Мысаева «Жүктілік және ревматологиялық аурулар» тақырыбына, магистр Жанар Калиева гипертензиямен ауыратын жүкті әйелдердің ұрықтың жүрек жеткіліксіздігінің қауіптілігін өзгеретін факторларына талдау жасады.

Ғанибек Түсіпбек

 422 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *