IMG-20171124-WA0002

Семей. 24.11. “Semeyainasy” – Бүгін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде техника ғылымдарының докторы, профессор Елемес Төлеуовтың 75 жасқа толуына орай «Тамақ өнімдерін өндірудің өзекті мәселелері: даму перспективалары мен жағдайы» атты халықаралық ғылыми-конференция өтті.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – халықты жоғары сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету. Аталмыш конференцияның мақсаты да – елдегі өнім өндіру саласын дамыту.

Сібір ірімшік жасау ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Александр Майоров:

– Мен осы оқу орнында ұйымдастырылатын конференцияларға жиі қатысамын. Біз Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетімен тығыз қарым-қатынастамыз. Шара барысында біз өз жетістіктерімізбен бөлісіп, пікір алмасатын боламыз. Оны оқу процесінде және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданамыз. Ірімшік жасау саласындағы маман болғандықтан, бүгін мен ірімшік өндіру саласындағы инновациялық технология жөнінде айтатын боламын.

Шара барысында ШҚО тағам өндірісінің жетекші кәсіпорындары өнімдерінің көрмесі өткізілді. Атап айтар болсақ «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» ЖШС, «Кондиз» ЖШС, «Эмиль» ЖШС, «Поливид-продукт» ЖШС, «Сем Нан» ЖШС, «Семей ет комбинаты» ЖШС, «Калихан» ЖШС, «Шығым нан өнімдері» ЖШС.

Тоты Уайтбаева – лаборант, «Калихан» ЖШС:

– Біз көрмеге Қазақстандағы, соның ішінде облысымыздағы тамақ өнімдерін өндіру саласын дамытып, халыққа таныстыру мақсатында қатысып отырмыз. Біздің көрмеге ұсынып отырған – айран, сүт, сүзбе өнімдеріміз ешқандай қоспасыз, табиғи өнімдерден, яғни таза сүттен жасалған. Бағалары да халыққа қол жетімді.

Асель Қайырбекова

 354 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *