FullSizeRender-23-11-17-01-22

Семей. 23.11. “Semeyainasy” – Қазіргі таңда жастардың көбі қаржыгер, заңгер немесе экономист мамандықтарын таңдайтыны рас. Нәтижесінде өндіріс саласында жұмысшы мамандардың тапшылығы орын алуда. Осы олқылықтардың алдын алу мақсатында бүгін Семей қаласының Электротехникалық колледжінде «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің тапсырысымен және «АМИДО» ШҚО ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен «Менің мамандығым – менің болашағым» атты жұмысшы жастар форумы өтті. Шараның мақсаты – жастар арасында техникалық және кәсіптік мамандықтарды насихаттау.

Аталмыш форумға 11 сынып оқушылары мен қаламыздағы оқу орындарының соңғы курс студенттері, «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алушылар, қалалық кәсіпорындардың жас мамандары қатысты. «Серпін сардарлары» белсендісі Шұғыла Дәулетхан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының мақаласындағы айтылған техникалық білім беруді дамытудың ел экономикасындағы рөлі жөнінде баяндады. Сондай-ақ «Серпін сардарлары» көшбасшысы Олжас Жандыллаев «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында білім алудың және жұмысқа орналасудың тиімді тұстарын жеткізді.

Сіздің мамандығыңыз – елдің болашағы!

Асель Қайырбекова

 399 всего,  15 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *