Семей. 21.11. «Semeyainasy» – Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №919 қаулысымен нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілген болатын. Аты айтып тұрғандай, бағдарламаның басты мақсаты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетіп, азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.
Бағдарлама үш бағыттан тұрады:
1) бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;
Халық арасында ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыспен қамту орталығының, кәсіпкерлік бөлім басшылығының және «Даму» КДҚ» ұйымдастыруымен «АТФ банк» АҚ, «Жинақ банк» АҚ, «Нұр банк» АҚ, «Евразиялық банк» АҚ қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыттары бойынша кредиттік серіктестіктерге, екінші деңгейдегі банктерге 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микробизнес ашуға, кооперативтер құруға, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге шағын несиелер ұсынылады.
Анжелина Маслова:
– Бүгінгі күні 9 жоба бекітілді. Оның 4-еуі АТФ банкке, 2-еуі Жинақ банкке, 3-еуі Халық банкке тиесілі. Бекітілген жобаның жалпы құны 106 млн. 152 мың теңгені құрайды. Бағыт бойынша әр түрлі жобалар қолға алынды. Мəселен,қонақ үйден бастап монша кешендерінің құрылысына дейін арналған жобалар ұсынылып отыр. Қазіргі таңда «АТФ Банк» АҚ-ның жобасы қаржыландырылды. Тағы да 5 банктің 37 жобасы бар.
Асель Қайырбекова
512 всего, 3