Семей. 20.11. “Semeyainasy” – Шаһарымыздағы № 8 жалпы білім беретін көркемдік-эстетикалық білім  беру мектеп – кешенінде «Пікір-сайыс клубтарының бірлестігі» қоғамдық қорының тікелей бастамасымен жас буындарға арналған «Бастау -2017»  мектепаралық пікірсайыс турнирі өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып  келе жатқан додада пікірсайыс әлеміне енді ғана аяқ басқан жас жеткіншектер шешендік қабілеттерін шындап, өз араларында «кім мықтыны» анықтады. Турнирдің іріктеу раундтары және финалдық ойындар  Америкалық Парламенттік пікірсайыс форматында (АПФ) ойнатылды. Тартысқа толы турнирде қала мектептерінен жалпы саны 22 фракция бақ сынады.

IMG-20171120-WA0004

Сөз дүлділдері сайыс барысында «Б.П  Қ.Р  жалпы орта білім беретін мектептерінің оқу бағдарламасына жаңа пән енгізеді», «Б.П Қ.Р қалаларына «Бэби-бокс» тастанды балаларға арналған жәшіктерді орнатуды  қолдайды» деген тақырыптарды талқылап, көзқарастарын ортаға салды. “Көп сөйлеу емес, дөп сөйлеу ғана ақылдылыққа жатады” деген ұстанымды ұстанған олардың кез-келген тақырыпта білімдері мен ізденістері байқалып-ақ тұрды.  Мектеп оқушылары турнир барысында ой тұнықтығы мен мәдениеттілікті айқын көрінісін көрсете білді деп айтуға толық негіз бар.

Жарыстың қорытындысына сәйкес,  № 32 мектептің «Атамұра» ИДК жас пікірсайысшыларынан құралған «Авангард» фракциясы: Нұргелді Серікбосынов пен Гүлден Жүнісқазықызы  жеңіс тұғырына көтеріліп, кубокты қанжығаларына байлады. Сондай-ақ өзгелерден оқ бойы озық тұрған  № 11 мектеп оқушыларынан құралған «Элита» фракциясы:  Қарлығаш Қоқамбекова  және Әйгерім Дәулетқызы 2-орынды иеленсе,  ойнау шеберліктерімен ерекшеленген №47 мектептің «Азамат» зияткерлік дебат ордасының «Ақинақ қолдайды» фракциясы: Әсем Аркеньева, Эльмира Қанапия және № 32 мектептің «Мадженто» тобының ойыншылары Томирис Жолдыбаева,  Аружан Нүрекенова  3 орынды өзара бөлісіп, жүлдегерлер  қатарынан көрінді.

3 раундтың көрсеткіші бойынша, 50 спикер арасынан ең көп ұпай жинаған №23 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Айдос Құсайынов «Ең үздік спикер» номинациясын жеңіп алды. «Конгресc» зияткерлік дебат клубының мүшесі  Мират Рүстемұлы «Ең үздік төреші» аталымына ие болды.

Айта кетерлігі, 3-ай уақыт бойы шәкірт тәрбиелеген тәлімгерлер  арасында үздік атанған  32 мектептің оқушысы, көптеген турнирлердің жеңімпазы Гүлім Тұрсынова «Ең үздік тренер» номинациясымен  марапатталды.

Ғанибек Түсіпбек

 351 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *