Семей. 17.11. “Semeyainasy” – 2017 жылдың 11 қарашасынан бастап Жол жүру ережесіне өзгертулер енгізілді. Осы тақырып төңірегінде ақпарат беру мақсатында бүгін Семей қалалық ІІБ басшысының орынбасары Талғат Құлжанбеков, тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің басшысы Атомбек Тортаев, полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімінің бастығы, полиция майоры Қанатбек Урдашев журналистермен брифинг өткізді.
Қалалық полиция қызметкерлері Семей қаласының 27 автомектептерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Қазіргі күні халық арасында Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелеріне енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Өзгерістерге сəйкес, жол-патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіге өзін таныстырған соң, тоқтату себебін айтып, нақты дәлелдемелерді көрсетуі тиіс. Айтпақшы, енді жүргізушілерге жол инспекторларының іс-әрекетін бейнекамераға түсіруіне заң жүзінде рұқсат етілді.
Атомбек Даирбекұлының мәлімдеуінше, 2017 жылдың 27 тамызындағы статистикалық мәліметтер бойынша, Шығыс Қазақстан облысында жоғары сұранысқа ие 67 мемлекеттік тіркеудің нөмірлік белгісі 27 млн. 521 теңгені құраған. Енді кез келген азамат өзіне ұнаған нөмірді сатып ала алады, тек ай сайын белгіленген мемлекеттік баж салығын төлеп отырса болғаны.
Сонымен қатар Қанатбек Урдашев жол ережісіне қатысты соңғы түзетулерге тоқталып, жаңа жол белгілерін шаһар тұрғындарына хабардар етуді өтінді.
Жаңа жол белгілері:
4.1.2 Оңға қозғалыс
4.1.3 Солға қозғалыс
1.33 Қауіпті жол жиегі
1.34 Кептеліс
3.17.3 Бақылау
4.5 Велосипед жолы немесе велосипед қозғалысына арналған жолақ
4.5.1 Велосипед жолының немесе велосипед қозғалысына арналған жолақтың соңы
5.8.2а Жолақ бойынша қозғалыс бағыты
5.8.3а Түрлі қозғалыс жолақтарында міндетті ең төменгі жылдамдық
5.8.4а Жолақтың басталуы
5.8.8а Жолақ бойынша жүру бағыты
5.8.9 Түрлі қозғалыс жолақтарында жылдамдыққа қойылған шектеулер
5.9.1 Қоғамдық көліктерге арналған жолақтың соңы
5.22а Елді-мекенді аймақтың басталуы
5.23а Елді-мекенді аймақтың соңы
5.40Ең жоғарғы жылдамдыққа жалпы шектеулер
5.41 Апатты жағдайда оқтауға арналған алаң
5.42 Фотобейнефиксация
6.3а Төмендетілген мұнай газының автокөліктерге жанармай құю стансасы
6.3б Табиғи сығымдалған газдың автокөліктерге жанармай құю стансасы
6.14 Полиция
6.15 Жол қозғалысы туралы ақпарат тарататын радиостанцияны қабылдау аймағы
6.16 Апаттық қызметтері бар радиобайланыс аймағы
6.17 Бассейн немесе жағажай
6.18 Дәретхана
7.4.8а Маршруттық көлік құралының түрі
7.21.1 Маршруттық көлік құралының түрі
Ғанибек Түсіпбек
560 всего, 12