DSC_3308

Семей. 17.11. “Semeyainasy” – Бүгін Семейдегі Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театры 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Театр ұжымын құттықтауға ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, қала басшысы Ермак Сәлімов, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, сондай-ақ шаһардағы өнер ұжымдары келді.

Салтанатты кеште аймақ басшысының орынбасары Әсем Нүсіпова орыс драма театрының директоры Яков Горельниковты 70 жылдық мерейтойымен және театрдың 80 жылдығымен құттықтап, еліміздің мәдениет саласына, сондай-ақ театрдың өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттап, сыйлыққа шағын автобустың кілтін табыс етті.

Шара барысында қала әкімі Ермак Сәлімов сөз алып, мерейтой иелерін атаулы датамен құттықтады. Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театрының бірқатар актерлерін марапаттап, екі ведмстволық пәтер алуға арнайы сертификатты сыйға тартты.

Айзада Сламбаева

 450 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *