IMG-20171116-WA0035

Семей. 16.11. “Semeyainasy” – Семей  қаласының  Шәкәрім атындағы  мемлекеттік  университетінде «Студенттік Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының тікелей бастамасымен жас жайдарманшыларға арналған «Маусымашар-2018» ойыны өтті. Университеттің «Аграрлық», «ИТФ», «ИКТ», «Филология» факультеттерінің  студенттерінен құралған 7 команда сайыста бақ сынады.

«Күле білу – өмір, күлкі болу – өлім, күлдіре білу – өнер» деп бекер айтылмаса керек. Себебі көрерменнің көңілінен шығып, оларды қарата білу де шеберлікті талап ететіні сөзсіз. Осы қағиданы ұран еткен студенттер өзара «кім мықтыны» анықтап, үздік ойын өрнегін көрсетуге тырысты.

IMG-20171116-WA0033

Жаңа маусымның алғашқы ойыны қреативті әзілдерге толы болды деп ауыз толтырып айтуға негіз бар. Сахна табалдырығын алғаш аттағандарына қарамастан, командалардың шеберліктері көпшілікті таң қалдырды.

Жарыстың қорытындысы бойынша, «Аграрлық» факультетінің І курс студенттерінен құралған «Необычныйлар» тобы Кубокты қанжығаларына байлады. «Ең үздік» ойыншы номинациясын «Шапалақ» командасының мүшесі, «Жаратылыстану және математика» факультетінің студенті Шыңғыс Базарбаев жеңіп алды.

Ғанибек Түсіпбек

 383 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *