Семей. 15.11. “Semeyainasy” – «Прииртышье» өлкетану қоғамының ұйымдастыруымен кеше Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында көрме өтіп, ертедегі жазу және оқу құралдары балалардың назарына ұсынылды.
Кеңес заманында қолданылған оқу құралдары мен қарындаштар, телескоп, қауырсындар, жазуға арналған қайың қабығы мен қаламұш түрлері көрмеге қойылды. Көрменің мақсаты – оқушыларға ерте заманда қолданылған оқу және жазу құралдарын таныстыру.
– Қазіргі күнге дейінгі оқу құралдарының қандай өзгерістерге түскені оқушылар үшін қызықты деп ойлаймыз. Жазудың қалай пайда болғанын, осы күнге дейін қандай оқу құралдарының қолданылғанын, мектеп өмірінде айтылып жүрген сөздер мен терминдердің түп-төркіні қайдан шыққанын оқушыларға түсіндірмекпіз.Тәртіп бұзғандарға ертеде қолданылған дүре соғу шыбықтары да бізде бар. Одан бөлек осыдан бірнеше жыл бұрын қолданыста болған дәптер, күнделік, сынып журналы, глобус, калькулятор сынды оқу құралдарын да көрмеге қойып отырмыз. Бүгін балалар құстың қауырсынымен, қаламұшпен қайыңның қабығына, тақтайшаларға жазып көретін болады, – дейді өлкетанушы Н.Рыкова.
Айзада Сламбавеа
795 всего, 3