Семей. 15.11. “Semeyainasy” – Бүгін Абай атындағы əмбебап кітапханада «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының тікелей бастамасымен Семей қаласының әлеуметтік мониторинг және болжау орталығының директоры, білім беру ісінің құрметті қызметкері Алексей Коновалов «Әлеуметтік маңызды мәселелер» тақырыбында жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысын баяндады. Баяндама барысында Алексей Петрович қала тұрғындарының күйзеліске ұшырауының бірнеше себебін атап көрсетіп,қоғамда белең алған жемқорлық, жұмыссыздық,ақылы білім беру секілді бірқатар мәселерге тоқталды. Сонымен қатар зорлық-зомблыққа тап болған азаматтардың өмірі жайлы видео-роликтер көрсетіліп, тығырықтан шығу жолдары түсіндірілді.
Басқосуда «Поколение» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Кәсіподақтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сəбит Ибраев, қоғамдық кеңестің орынбасары Жанна Жибраева келелі ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ «Жанұя орталығы» қоғамдық қорының бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстарына шолу жасалды.
Ғанибек Түсіпбек
393 всего, 3