Семей. 14.11. “Semeyainasy” – Қала тұрғыны Ербол Зарылханұлы қала прокурорының орынбасары Руслан Мұратбековтің қызметіне разы емес. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына келген ол мәселені шешу үшін журналистерден көмек сұрады.
Осы жылдың наурыз айында Ербол Ежебаевтың 17 жастағы жалғыз ұлы өзінен екі жас үлкен белгісіз жігіттің қолынан қаза тапқан. Оның айтуынша, сот ісі жүргізіліп, кінәлі тарап жазасын толық мойындағанымен, сот қылмыскерге кешіріммен қарап, қатаң жаза тағайындамай отыр. Ал сот сарапшылары жасалған қылмыстық әрекеттің абайсыздан болғанын айтуда. Олар “баланың кеудесіне тиген жалғыз соққының салдарынан жүрегі ұстап құлаған” деген шешімге келіпті.
Әкесінің мәлімдеуінше, қылмыс жасалар күннің алдында күдікті жəбірленушіні «Вконтакте» желісі арқылы кездесуге шақырып, оған қол жұмсаған. Алайда бұл дәлелдер жауапқа тартылған азаматтың қылмыскер ретінде толығымен танылуына жеткіліксіз болыпты. Соттың бұл шешімімен келіспеген ата-ана Алматыдан жеке сарапшылар да жалдаған. Істі зерттеп қараған сарапшылардың дәйектеріне сүйенсек, қылмыскер баланы бір емес, бірнеше рет ұрып өлтірген. Осылайша, оқиғаның абайсыздан емес, қасақана жасалғаны дәлелденген.Баланың мәйітіне жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында, бет жарақаттары, көз сүйегінің сынғаны да анықталыпты.Алайда 80 бетке жуықтаған тексеріс нəтижелерін қалалық сот жалған деп тауып, қабылдамай қойған екен.
Әділеттілік іздеп шарқ ұрған ата-ана бармаған жерлері, баспаған таулары қалмағанын айтуда. Қылмыстың өтеуі жаза. Алайда сот неге қауқарсыз? Қылмыскер неге бостандықта?
– Қылмыскер бостандықта жүр. Бізді көріп тұрып, маған не істейсіңдер деген іс әрекеті жағамызды ұстатты. Келіп кешірім сұраса да болар еді ғой,-дейді жанарын жаспен жуған ата-ана.
Ғанибек Түсіпбек
423 всего, 6