FullSizeRender-10-11-17-05-35

Семей. 10.11. “Semeyainasy” – Семей қаласының ТЖБ МӨББ басшысы Ернар Жалеловтің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдерімен кездесу өтіп, өрт және көміртегі газының салдарынан орын алған апатты жағдайлар талқыланды.
Биыл өткен жылмен салыстырғанда өрттен зардап шегушілер саны артқан. Былтыр Семей өңірінде көміртегі газымен уланғандар саны 317-ны құраса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 391-ге жеткен. Орын алған өрт оқиғалары барысында 504 адам, оның ішінде 84 бала эвакуацияланған. Алайда зардап шегушілер жоқ емес. Осы уақытқа дейін өрт салдарынан 4 адам қаза тапса, оның екеуі бала екені анықталған. Ал материалдық зиян 1 480 000 теңгені құрап отыр.
Ернар Жалеловтің айтуынша, Семей қаласының мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінің қызметкерлері тілсіз жаудың алдын алу мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдерімен және пәтер кооперативтерінің иелерімен кездесулер ұйымдастырып тұрады. Қазіргі күні мамандар қала тұрғындарын көміртегі газынан уланудан қорғау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Мәселен, көп балалы жанұяларға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көміртегі газынан қорғайтын арнайы қондырғылар орнатылған екен.
Семей қаласының ТЖБ МӨББ басшысының айтуынша, көміртегі газымен уланудың негізгі себебі – жылыту пештерді пайдаланған кезде өртке қарсы ережелердің бұзылуы. Сонымен қатар пеш пен мұржалардың ақаулығы, пеш құрылысындағы жарықтар, бітелген мұржалар да тұрғындардың өміріне қауіпті.

Асель Қайырбекова

 550 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *