20171107_112916

Семей.07.11. “Semeyainasy” – Республиканың әр түпкірінде бүгінгі таңда көптеген ауылшаруашылығы кооперативтері құрылып, мемлекет тарапынан жақсы қолдау көрсетілуде. Алайда сол кооперативтерге көрсетіліп жатқан жеңілдіктер, қазіргі уақытта өзінің оң нәтижесін беріп жатыр ма? Өндірістік кооперативтердің көбісі неге жабылуда? деген сауалдардың жауабын анықтап, мәселенің шығу себебін түсіндіру үшін ҚР АШМ кооперацияны насихаттау стартегиясы басқармасының басшысы Самат Қайырбеков Семей шаһарында семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында Семей өңірінің ауыл әкімдері меншаруа қожалықтарының басшыларына ауыл шаруашылығы кооперативтерін басқару негіздері және артықшылықтары түсіндіріліп, агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау, мал шаруашылығын дамыту және олардың тиімді қызмет етуін қалай арттыруға болатыны жайлыайтылды.

Алқалы жиында сөз алған Самат Есенгелдіұлы кооператив мүшелерінің нақты алға ілгерлеу жоспарлары мен экономикалық қызығушылықтары жоқ. Жеке кәсіпкелердің кооперативтерді құрудағы басты мақсаттары мемлекеттен несие немесе тағы да басқа қосымша қаражат алу ғана болғандықтан, көптеген кооперативтердің жабылуына әкеліп соқты деп өзінің іштей ренішін білдірді.

Ғанибек Түсіпбек

 354 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *