Безымянный

Семей.06.11. “Semeyainasy” – Бүгін Семей қалалық ішкі істер басқармасындақұқық қорғау органдарының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлеріне арналған слет болып өтті.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараның мақсаты – ішкі істер органдарына енді ғана қабылданған жас қызметкерлерді ынталандыру, департаменттің жеке құрамын отансүйгіштікке, патриоттық өнегеге тәрбиелеу болып табылады.

Жиынбарысында ШҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасының орынбасары Марат Бексұлтанұлы жол-патрульдік полиция, жедел-криминалистикалық бөлімінің 14жас қызметкеріне алғашқы офицерлік «лейтенант» шендерін салтанатты түрде табыс етті.
Сонымен қатар басқосуда сөз алған орасан зор жұмыс тәжірибесі бар Семей қалалық ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы Раиса Косубаева жас офицерлерге өзінің ақыл-кеңестерін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ғанибек Түсіпбек

 391 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *