IMG-20171027-WA0023

Семей.27.10. “Semeyainasy” – Биылғы жылдың қыркүйек айында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өскемен қаласында бастау алған «Туған жерім – туған елім» тақырыбындағы экскурсиялық маршрут өңірдің тарихи жерлеріне сапар шеккен болатын. Осы жарыстың қорытынды кеші бүгін Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде өтті.

Қатысушлар осы күнге дейін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музейіне, «Ақ бауыр» тарихи–археологиялық кешеніне және Ұлан ауданындағы ортағасырлық «Абылайкит» бекінісіне барып, қызықты сюжеттер дайындаған. Өңірдің тарихи ескерткіштеріне саяхат жасаудағы басты мақсат – өлкеміздің тарихы мен табиғатын танып, жастардың танымдық көзқарасын, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шара барысында əрбір команда өздері сапар шеккен киелі жерлерді презентация арқылы таныстырды.
Сайыстың қорытындысы бойынша І орынды ҚМУ «Жерұйық» командасы иеленсе, ІІ жәнеІІІ орындарды Өскемен қаласының құрылыс колледжінің студенттері мен Ұлан ауданының Бозанбай орта мектебінің намысын қорғаған «Болашақ» тобы өзара бөлісті.

Ғанибек Түсіпбек

 476 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *