Семей.26.10. “Semeyainasy” – Синоптиктер биыл Шығыс Қазақстанда қыс ерте түсіп, қараша айында қар жауады деп болжаған еді. Алайда қазан айының басынан-ақ алғашқы қар ұшқындап үлгерді.
Семей қаласы қыс мезгіліне дайын ба? Арнайы техникамен жабдықталуы қай дәрежеде? Осы және басқа да сұрақтарға қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері жауап берді.
Аталған бөлім маманы Жасар Түсіповтің айтуы бойынша, қала әкімінің орынбасары Николай Ушаковтың төрағалығымен жол техникаларының қысқа дайындығы тексеріліп, бақылау өткізілген. «Арнайы техника саны 51 бірлікті құрайды, нақтырақ айтқанда 11 қар тазалау техникасы, 5 автогрейдерлер, 4 әртүрлі көлемдегі тиегіш көлік, 18 аспалы жабдықталған трактр, сондай-ақ инертті материалдар қоры бар».
Алайда бөлім маманы атап айтқандай, арнайы техника саны жеткіліксіз. «51 арнайы техника тек қаламыздың бір бөлігіне жетеді. Тағы да 50 шақты техника сол жақ жағалауға қажет. Былтыр облыстық басқармадан қосымша техника сатып алу үшін қаражат сұраған едік. Алайда белгісіз себептермен қаражат бөлінбеді де, арнайы техникамыз сол күйінде қалды»,- дейді Ж.Түсіпов.
Асель Қайырбекова
498 всего, 6