Семей. 23.10. «Semeyainasy» – Қаламыздағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінің бозкілемінде самбодан ерлер мен әйелдер арасындағы «Қабанбай Батыр» мемориалы республикалық Кубогыне арналған додада, өз аймақтарының нағыз мықты дүлдүлдері белдесті. Айта кетерлігі, дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жатқан жарысқа Қазақстанның әр түпкірінен 200-ге жуық балуандар бақ сынады. Самбо күресінің хас шеберлерінің басын қосқан дүбірлі доданың патриоттық, тәрбиелік мәні өте зор деп ауыз толтырып айтуға толық негіз бар.
Бәсекенің алғашқы күні ерлер мен қыздар барлық салмақ дәрежелері бойынша сынға түсті. Ерлер арасында 1 орынды: 52 келі салмақта Маңғыстау облысынан келген Аманбек Құлақаев, 57 салмақ дәрежесі бойынша ОҚО Абылайхан Өскенбай, 62 келіде күрескен Алматы қаласының балуаны Санжар Қуатай, 82 келіде Павлодар намысын қорғаған Алибек Махамбетов және 68/74/100 келі салмақта ШҚО Семей спорт академиясының спортшылары топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Қыздарға келетін болсақ 1 орынды: 52 келідегі белдесуде нәзік жандылар арасында Әлем кубогының жеңімпазы Назгүл Елмұратова да таза жеңіске жетті. 56 келіде белдескен Алматылық Анель Ежемханованың да мерейі үстем болып, 1 орынды иеленсе, 60 келіде Шығыстың қызы Айдана Сұлтанбековаға бұйырса 48/64/68/ келідегі тартысты белдесуде Алматылық Мөлдір Қойбағар, Динара Жұмабаева, Шапағат Нартай қыздарымыз топ жарды.
Жарыстың екінші күні тартысты өткен жалпы командылық белдесуде ерлер және әйелдер арасында да 1 орынды қарсыластарынан оқ бойы озған «Семей» спорт академиясының жүйріктері кубокты жеңіп алды. Ал, 2 және 3-орындарды Алматы, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облысының саңлақтары өзара бөлісті.
Ғанибек Түсіпбек
542 всего, 6