кадр

Семей.20.10. “Semeyainasy” – Осы күздің ең танымал шетелдік фильм-катастрофасы – «Геошторм». Қазіргі күні Қазақстанның барлық кинотеатрларында көрсетілуде. Бұл фильм «Тәуелсіздік күні», «Әмбебап солдат», «Жұлдызды қақпа» сынды фантастикалық боевиктердің сценарийін жазған Дин Девлиннің толықметражды фантастикалық триллер жанрындағы алғашқы режиссерлік жұмысы. Фильмде жойқын күшті дауыл адамзатты жер бетінен жойып, қоршаған ортаны қиратады. Әлемді кім құтқара алады? Бұл апаттың алдын алу жолдары қандай болмақ? деген сауалдардың жауабын білу үшін «Геошторм» киносын міндетті түрде көруіңіз керек.

«Геошторм» фильмінен кадр

геошторм

Осы премьера қарсаңында катастрофа жанрында түсірілген фильмдер жайында аздап әңгімелессек…
Фильм-катастрофа – қазіргі таңда кино жанрлардың ішіндегі ең үздігі. Әдетте мұндай фильмдерде апаттық оқиғалар көбінесе триллер мен драманың бірігуі арқылы іске асады. Сценарий желісінде апатқа ұшыраған адамдардың өмірі, тіршілік үшін жанталасу көріністері бейнеленеді. Дәл осы жанрдағы фильмдердің оқиғалары драманың сюжетін еске түсіреді. Бірақ фильм соңы әртүрлі аяқталуы мүмкін. Кейіпкерлер өлім құшады немесе бүкіл адамзат баласы тірі қалып, бақытқа кенеледі.

Катастрофаға негізделген кинолар 1970 жылы ғана бөлек жанр ретінде пайда болды. Аталған жанрдың алғашқы қарлығаштары деп 1970 жылдары жарық көрген «Әуежай», ««Посейдон» хикаясы» классикалық кинотаспаларын айтуға болады. Одан кейін «Хинденбург», «Жер сілкінісі» фильмдері түсірілді. Бірақ бұл фильмдер көрерменнің ыстық ықыласына бөлену бақытына ие болмағандықтан, көп кешікпей экраннан көрсетілуін тоқтатты. Жанр біраз жылдар бойы тоқырау кезеңін бастан кешті.

1990 жылдары компьютерлік эффектілердің жылдам дамуына байланысты фильм-катастрофалар өзгеше форматта қайта таныла бастады. 1997 жылы көрерменге жол тартқан «Титаник» фильмі осы сөзіміздің жарқын дәлелі. Картина көп жылдар бойы кино тарихындағы ең кассалы фильм атағын ешкімге бермеді деп ауыз толтырып айтуға толық негіз бар.

«Титаник» – техногенді фильм-катастрофасының жарқын нұсқасы

Титаник (1)

Джеймс Кэмерон 2012 жылы алып «Титаник» кемесінің апат болғанына 100 жыл толуына орай фильмді 3D үлгісінде қайта көрсетілімге шығарды. «Титаниктің» 3D үлгісі әлемдегі кино өнерінің биік шыңын көрсете білді. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, 200 миллион қаржы жұмсалған кино әлемдік прокатта 2 миллиард доллар табысқа кенелді.

Суретте «2012» фильмінің көрінісі

2012 фильм

Көпшілік бойына қорқыныш ұялатып, ақыр заманды сипаттайтын «2012» фильмі де талайлардың ойын өзгертті. Адамзат ақырзаманнан қорқа отырып, осындай фильмдерді қуанышпен тамашалауы түсініксіз. Алайда катастрофа жанрындағы фильмдер ең кассалы фильмдердің қатарынан түспейтіні даусыз.

Ғанибек Түсіпбек

 1,458 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *