Семей.18.10. “Semeyainasy” – Бүгін Қалалық мәдениет сарайында “Айша бибі” фальклорлық ансамблі 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Атаулы күнге байланысты арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, ұйымға мүше әжелер өнерлерін ортаға салды. Жекелеген әншілерден өзге халықтық «Семейтау» ансамблі «Ақ жол» күйін орындап, халық әндерін нақышына келтіріп шырқады.
Жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдарын халыққа таныстыру мақсатында шағын көрме ұйымдастырылды. Қазақстанның әр түпкірінде зергерлік бұйымдарды насихаттап, темірден түйін түйген шеберлердің бірі – жерлесіміз Абылайхан Асылбай. Мүмкіндігі шектеулі болса да, туындыларын көпшілік назарына ұсынып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Ұзақ жылдар бойы «Айша бибі» ұлттық-мәдени орталығы қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, насихаттауда жемісті еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда орталықта 60-қа жуық зейнеткер жұмыс жасауда.
Мереке соңында “Айша Бибі” ұлттық-мәдени орталығының төрайымы Айман Бокбасарова шараға белсене ат салысқан барлық азаматтарды марапаттады.
Ғанибек Түсіпбек
938 всего, 3