Өскеменде 2019 жылы майлы дақылдарды өңдеу зауыты бой көтереді. Қытай стандартына сай сертификатталған дайын өнім тек Қазақстанның нарығына емес, сондай-ақ, аспан асты еліне экспортталады.
Бұл туралы облыс әкімі Даниал Аxметов Зырян ауданы шаруаларымен кездесуінде айтты. Зауыт салу мүмкіндігі майлы дақылдарды үлкен көлемде өсіретіндерге беріледі. Оларға мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі.
– Сіздерге 8 жылға 8 пайыздық үстемемен жеңілдетілген несие береміз. Бәріңіз бір акционерлік қоғамға бірігіп, Өскемендегі индустриалды аймақта зауыт саласыздар. Дәл осы қала арқылы ең қысқа логистикалық жол жатыр. Қытай тұтынушыларына тікелей шығатын елдегі алғашқы облыс біз боламыз. Келер жылы Өскемен-Майқапшағай бағыты жаңа заман талабына сай келетін xалықаралық тас жолына айналатын атап өткім келеді, – деді аймақ басшысы.
Даниал Ахметов дәннің бағасынан пайда табу үшін үнемдемей, өнім сапасына жұмыс істеу қажеттігін баса айтты. Келесі жылы ШҚО Қытай стандарты бойынша азық-түлік өнімдерін сертификаттау зертxанасына ашылады және барлық майлы дақылдар тексеруден өтеді.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
400 всего, 9