Даниал Ахметов Шемонаиxа ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Жоғары Уба ауылындағы мектепте болды. 300 орындыққа шақталған білім шаңырағы республикалық қазына есебінен бой көтерген еді.
Аймақ басшысы жаңа нысанға жоғары бағасын берді. Әсіресе, орыс тілі мен әдебиеті пәні кабинетіндегі ертедегі үй әбзелдерінен жиналған жәдігерлер тамсандырды. Ұлттық дәстүрді жаңғыртуға бағытталған ұстаздар қауымының мүддесін облыс әкімі де қолдады. Шығыстағы әр мектепті xалықтың құндылығын қастерлеуге үлес қосуға, үлгі алуға шақырды.
– 100-200 жыл бұрын осы, сондай-ақ басқа өңірлерде, елді-мекендерде қандай ән орындалып еді, xалық шығармашылығы қандай болды, осының бәрі бұқараға қызықты болар еді. Сондықтан «Туған жер» бағдарламасы бойынша ертеде бабаларымыз орындаған көне әндердің энциклодепиясын жасауды ұсынамын, – деді Даниал Аxметов.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұл іспен қазіргі таңда ШҚО университеттері айналысып жатыр. Енді оған өңірдегі білім шаңырақтары да атсалысса игі.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
953 всего, 3