Семей.03.10. “Semeyainasy” – Бүгін шаһарымыздағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақтың зергерлік әшекейлері» каталогымен «Алаш қозғалысына 100 жыл» атты открыткалар жиынтығының тұсаукесер салтанаты өтті. Айтулы шарада жаңа кітапшалардың тұсауын кесу мәртебесі тарих ғылымының кандидаты, профессор Мұхтарбек Қарпықұлына берілді. Айта кетерлігі зергерлік бұйымдарға қатысты жазылған кітапқа музей қорынан 200-ге жуық қазақи нақышта өрнектеліп жасалған заттар жиынтығы енгізіліп, барлық әлем азаматтарына түсінікті болу үшін ішіндегі мағұлматтар қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылып, әшекей бұйымдардың қысқаша тарихы берілген.
Сонымен қатар«Алаш қозғалысына 100 жыл» атты жинақта қазақ еліне аянбай еңбек еткен, тарих бетіне есімдері мәңгілік жазылған азаматтардың өмір жолымен атқарған істеріне қысқаша шолу жасалып, суреттері топтастырылған.Сондай-ақ кейбір жаңа фотосуреттерді іздеп табу біраз уақытты қажет еткен.
Бұл жобаны дайындау барысында 577 Алаш тұлғаларының арасынан 73 зиялы қауым өкілдерінің өмірі қарастырылды. Оның ішінде Семей өңірінен шыққан және осы аймақта қызмет жасаған 37 тұлға іріктеліп алынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үш тілде әзірленген кітапшаны көбінесе тарих пәнінің мұғалімдері мен студенттерге көмекші құрал ретінде пайдаланған өте қолайлы.
Жиын соңында мұражай директоры Ляззат Әлжан арнайы шақырылған қонақтарға кітаптардың бір сыпырасын сыйға табыс етіп, шараға белсене ат салысқан азаматтарға өзінің ризашылығын білдірді.
Ғанибек Түсіпбек
566 всего, 3