20170929180805

Семей.02.10. “Semeyainasy” – Қостанайда тоғызқұмалақтан өткен ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында семейлік Жарас Исаханов жүлдегер атанды.

Турнир білікті жаттықтырушы, Қазақстанның білім беру саласының үздігі Рыспай Үмбетовтің құрметіне ұйымдастырылып, Қазақстанның 7 облысынан 40 спортшы қатысты. Тоғызқұмалақтың классика және блиц түрлерінен өткен жарыс нәтижесінде әйелдер арасында Гүлжан Қилыбаева, Маргарита Пархоменко (ШҚО), Ләззат Жанғазинова (Павлодар) жеңімпаз атанса, ерлер сынында Жарас Исаханов (Семей), Аппаз Базарбаев (Қостанай), Төлеген Жүсіпәлиев (Ақтөбе), Сәлімжан Серікбаев (Қостанай) үздік шықты.

Қатысушылардың айтуынша, төрт күнге созылған зияткерлік ойыны тартысты әрі қызықты өткен:

«Чемпионат жоғары дәрежеде өтті. Тоғызқұмалақ ойынының жыл санап дамып келе жатқаны қуантады. Келесі жылы да қатысуды жоспарлап отырмын», – дейді жарыс жеңімпазы Маргарита Пархоменко.

Айзада Сламбаева

 616 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *