DSCN0342

Семей.02.10. “Semeyainasy” – Биыл елімізде ұстаздар күні мерекесі 1-ші қазан күні тойланды. Семейлік ұстаздар да кәсіби мерекелерін Абай атындағы музыкалық-драма театрында атап өтті.

Шаһар басшысы Ермак Сәлімовтің атынан мұғалімдерді құттықтай келген қала әкімінің орынбасары Н.Шарова әрбір ұстаздың деніне саулық, жұмысына табыс тіледі.

Мерекелік шара барысында «Үздік басшы», «Үздік мұғалім», «Мектепке дейінгі білім беретін орталықтың үздік тәрбиешісі», «Қосымша білім берудің үздік педагогі», «Үздік сынып жетекшісі» аталымдарының иесі анықталды.

Семейдегі №7 «Ақ бота» ясли-бақшасының меңгерушісі Дилдаш Байскакова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, Шақаман жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Қайрат Шақабаев ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Бірқатар мектеп мұғалімдеріне қала әкімінің, облыстық білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің, Семей қалалық мәслихатының алғыс хаттары салатантты түрде табыс етілді.

Айзада Сламбаева

 521 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *