IMG-20170923-WA0010

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына сәйкес қыркүйектің 22 –і «ҚР халықтары тілдерінің күні» мерекесі аталып өтеді. Осыған орай Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде мерекелік іс-шаралар салтанатты түрде өткізілуде.

Астана қаласындағы ҚР ҚК Ұлттық-патриоттық орталығында ҚР Құрлық әскерлерінің құрамалары арасында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты байқау-конкурсы өтті. Конкурсқа «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтары, Десанттық-шабуылдаушы әскерлері, зымыран әскерлері және артиллерия, Құрлық әскерлері институтының командалары қатысты.
Әрбір команда мемлекеттік тілді меңгерген түрлі ұлт өкілдерінен құралған. Әр команда өздерін таныстырып, ұрандарын айтып, эмблемасын таныстырып, өз гимндерін шырқады.

Үй тапсырмасы бойынша таңдалған ұлттың салт-дәстүрлері туралы сахналандырылған музыкалық көрініс жасап, сол ұлт дастарханының ас мәзірін көрсетті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс қырандары» командасы украин ұлтының дәстүрлерін көрсетті. Команда құрамы: 3-сыныпты сержант Р.Галиев (татар) – 54770 әскери бөлімі, қатардағы Р.Гафиян (молдаван) – 28738 әскери бөлімінен, сержант А.Рогальский (украин) – 36803 әскери бөлімінен, қатардағы Ш.Эршатов (өзбек), кіші сержант А.Мұратханов (қазақ) – 32388 әскери бөлімінен.

Сонымен қатар сахналандырылған көрініске қосымша қатысушылар: сержант Т.Латышев, аға сержант С.Ермилова, ефрейтор Т.Купцова, қатардағы Г.Төлегенова – 36803 әскери бөлімінен, С.Смайыл – 54770 әскери бөлімінен. Сондай-ақ, команданы әдістемелік тұрғыдан және музыка мен бейнероликтер ілеспелерімен қамтамасыз етуде Семей қаласының гарнизондық офицерлер үйінің қызметкерлері К.Құнафин мен С.Ахметованы ерекше атаған жөн.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың 6 бағыты негізінде таңдап алынған «Білімнің салтанат құруы» тақырыбында жан-жақты әдістемелік көрініспен, бейнероликтер және фотослайд ілеспесімен команда капитаны кіші сержант Мұратханов А.Ш. тақырыпты жетік аша білді.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалауда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне, тіл байлығына, тіл мәдениетіне, интеллектуалдық деңгейіне, жалпы командалық дайындыққа баса назар аудара отырып, қорытынды нәтижесі бойынша «Шығыс қырандары» командасын жүлделі екінші орынға шығарды.

Меруерт Құрманғажина

 461 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *