DSC_0020

Семей.22.09. “Semeyainasy” – Бүгін Ресей Федерациясының ІІД Алтай аймағы желілік басқармасының басшысы Артем Кирпиченко бастаған бір топ делегаттар Семейге келіп, қала әкімдігінде өткен дөңгелек үстелге қатысты. Ресейлік делегаттар мен қаланың көлік полициясы өкілдері бас қосқан жиынның мақсаты – екі ел арасындағы әріптестік байланысты нығайтып, шекарааралық контрабанда мен есірткі тасымалдау ісінің, экстремизмнің алдын алу.

Қазақстан мен Ресей түйісетін ортақ шекараның ұзындығы 7,5 мыңнан астам шақырымды қамтиды. Сондықтан екі мемлекет те қауіпсіз кеден жүйесін құруға, есірткі тасымалдау, экстремизм және терроризм, заңсыз көшіп-қону, контрабандалық іс-әрекеттердің жолын кесуге мүдделі. Бұл екі елді де алаңдататын келелі мәселелер.

– Мұндай маңызды кездесулерді өткізу біз үшін дәстүрге айналды. Ең біріншіден, біз одақтастар ретінде емес, береке-бірлігі жарасқан бағзы достар ретінде жүздесеміз. Ал бұл екі елге де ортақ мәселелерді көзбе-көз талқылап, түйінін шешуге зор мүмкіндік берері сөзсіз. Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесінің желілік органдары арасындағы өзара әріптестіктің орнағанына да талай жылдың жүзі болды. Әлбетте бүгінгі кездесу – соның бір парасы ғана, – деді Ресей Федерациясының ІІД Алтай аймағы желілік басқармасының басшысы Артем Кирпиченко.

Жиында барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынас, мәдени және экономикалық байланыстар жайы сөз болды.

Айзада Сламбаева

 500 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *