DSC_1801

Семей.22.09. “Semeyainasy” – Қаламызда Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш және Рухани жаңғыру: идеялар жалғастығы» атты тақырыбында Халықаралық ғылыми-танымдық конференция өткізілді.

Конференцияда Семей қаласы мен Алаш қозғалысының тарихи даму эволюциясы мен ұстанымдары, деректанулық және методологиялық негіздері талқыланды. Көп оқылған баяндамалар ішінен әсіресе «Қазақ-қырғыз Алаш ордасы» тақырыбында жазылған, сонау Қырғызстан мемлекетінен келген тарих ғылымдарының докторы Байболат Абытовты ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ, шара барысында Венгриялық профессор, түріктанушы Шолфай Караның да «Алаш» туралы айтылған ой-пікірі жиналған көрермендерге видео арқылы көрсетілді.

Басқосуға қала әкімі Ермак Сәлімов, академик Ғарифолла Есім, Шәкәрім университетінің ректоры Мейір Ғариполлаұлы, сонымен қатар Қазақстанның, Қырғызстанның белгілі ғалымдары, қоғам өкілдері, қаламыздың белсенді студенттері қатысты.
Жиын соңында, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР халық ағарту саласының озық қызметкері Арап Еспенбетов еңбек ардагері Дүйсенбай Қошқарбеков пен Азат Перуашевты және тағы да басқа бірқатар азаматтарды «Шәкәрім» медалімен марапаттап, алғысын білдірді.

Ғанибек Түсіпбек

 987 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *