Семей.19.09. “Semeyainasy” – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы Жанна Қабдолдақызы «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген қала тұрғыны Малика Мұратбекова департамент басшысынан көмектесулерін сұрады. Нақтырақ айтқанда, қазіргі таңда қаламыздағы ет комбинаты маңында орналасқан жатақхана мәселесі қиындап бара жатқанын тілге тиек етті.
Шағымданушы Малика Мұратбекова:
— 1993 жылдан бастап үй кезегінде тұрсақта әлі күнге дейін пәтер алмадық. Ал керісінше, тұрғын үй кезегіндегі тізімде жоқ, тіпті Семей ет комбинатында жұмыс істеп көрмеген, белгісіз біреулер уақытынан бұрын 2-3 пәтерден иемденіп тұрып жатыр. Шағымданып, арызданбаған жеріміз қалмады. Семей қаласы бойынша тұрғын үй инспекциясымен ЖКХ-ға хат жазып, хаттама толтырып жүргенімізге де ешкім пысқырыпта қарамады. Сонда әділеттілік қайда? Заң қайда қарап отыр? – деді көзінен жас үйірілген Малика Мұратбекова.
Жиын соңында, Жанна Қабдолдақызы өз кезегінде тұрғындардың мәселелерінің шешім табуына ықпал жасайтындығын атап өтті. Бұдан бөлек, көтерілген бірқатар мәселелерді заң жүзінде зерттеп, бақылауға алатынын уәде етті.
Ғанибек Түсіпбек
454 всего, 12