20161003155739

Семей.12.09. “Semeyainasy” – Абай атындағы кітапханада «XXI ғасырдағы экологиялық білім және тәрбие: қоршаған орта ластануының балалар денсаулығына әсері» атты оқыту семинары өтті. Урбанизацияның жаһандық үрдісі салдарынан болған экологиялық ластанудың адамзат денсаулығына тигізіп жатқан кері әсері мен мәселемен күресу жолдарына қатысты семинар барысында салмақты ой-пікірлер айтылды. Айта кету керек, «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорының қолдауымен бастау алған игі шара ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жоспары аясында өтті.

 –  «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ семинарды өткізу үшін Семей өңірін кездейсоқ таңдап алған жоқ. Өйткені біздің өңірде күллі әлемге белгілі трагедиялық жағдай орын алған. Семей полигонында 40 жыл бойы ядролық бомбалар сыналды. Жарылыстан көз ашпаған дала тұрғындарының денсаулығы күрт нашарлап, әлі күнге дейін зардабын тартып келеді. Қазіргі экология да, жаңа технология да балалардың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Міне, осы орайдағы тақырып оқыту семинарына арқау болды. Өткен күнді кері қайтара алмаймыз. Сондықтан біз қорытынды жасауымыз керек, балалардың денсаулығын жақсарту жөнінде ойлануымыз қажет. ШҚО, әсіресе Семей өңірінің тұрғындарының басым көпшілігі экологияның ластануы салдарынан зардап шекті. Сырқаттану бойынша облысымыз алдыңғы қатарда тұр. Осы ретте педагогтерге, денсаулық саласының мамандарына, жалпы халыққа денсаулықты жақсартудың жолдарын көрсетуіміз керек, – деді халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті Султан Картоев.

Семинар спикерлері ретінде сөз сөйлеген сала өкілдері қаузалған тақырып бойынша өз ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді. Мәселен, Семей, Арал сияқты экологиялық ластану деңгейі жоғары өңірлерде тұратын балалардың денсаулығын тексеретін жоба жасау, тұрғындарға қолдау көрсетіп, кеңес беретін орталық құру, науқас балаларды оңалту сынды кешенді бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ұсыныстар қабылданды.

Айзада Сламбаева

 479 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *