Семей.12.09. “Semeyainasy” – Қаламызда отбасы күніне орай «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тікелей бастамасымен «Бақытты отбасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты қоғамның негізгі институты ретінде отбасының әлеуметтік нығайуы, отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін бұл шараның биылғы ерекшелігі, осы орталықта қызмет алған мүмкіндігі шектеулі жандардан құрылған отбасылық жұптар өз өмірлеріндегі сәттіліктерімен қиын мәселелерін баяндап, қызықты естеліктерімен бөлісті.
Мерекелік іс-шарада «Мама» әнін шырқаған Ельдана Имашева талай көрерменнің жүрегін елжіретіп жіберді.
Мерекелік концерт соңында орталықтың директоры Рымжан Тынысова барлық қонақтарды мерекемен құттықтап іс-шараға қатысушы отбасыларға естелік сыйлықтар табыс етті.
Ғанибек Түсіпбек
463 всего, 6