Семей.08.09. “Semeyainasy” – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «Болашақ жастардың қолында» деген болатын. Иә, бүгінгі таңда отбасынан тәрбие алып, үлкен ортаға қадам басқан жас өрендердің тәрбиесі жайлы көп айтылып, жазылып та жатыр. Жазушы М.О. Әуезов «Ел болам десең , бесігіңді түзе» – деген екен. Міне осындай қоғамдық ортада болатын тәрбие тұрғысында біздің шаһарымыздағы «Достық» үйінде қалалық аналар кеңесінің төрайымы Нағима Мойынбаеваның бастамасымен арнайы дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты ұйымдастырушылардың айтуынша, жастарға дұрыс бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беру. Шараға Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенттерімен қаламыздың этномәдениет орталығының жетекшілері белсене қатысып өз ойларын білдірді. Жиын барысында Лилия Гончарук аналар кеңесінің негізгі міндеттеріне тоқталып алдағы жоспарларымен бөлісті .
Жиында сөз алған қалалық Достық үйінің директоры Берік Көпбаев:
—Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі келешегі жастар сіздердің қолдарыңызда. Егерде болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатсаңыздар ол аналарыныздың арқасы деп біліңіздер. «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» сондықтан да ананы сыйлау керек . Келешекте мықты ұлт болу үшін ұлттық құндылықтарымызды сақтауымыз керек сонда ғана ғажап мемлекет боламыз, – деді Берік Көпбайұлы.
Ғанибек Түсіпбек
519 всего, 6