21467

Семей.04.09. «Semeyainasy» — Алаш Орда Үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына байланысты Семейдің Арбатында Әлихан Бөкейхановқа арналған ескерткіш бой көтермек. Айта кетейік, облыс басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасымен мүсіншілер арасында ашық конкурс жарияланған болатын. Оған Шығыс Қазақстан облысы мен Астана қаласының мүсіншілерінен 4 өтініш келіп түскен. Нәтижесінде республикалық тарихи-мәдени
мұраларды қорғау комиссиясы ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Бақытбек Мұхаметжановтың жұмысын таңдап алды,-дейді Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина.

Аталмыш ескерткішті дайындап, оны орнатуға жергілікті қазынадан 31 млн.987 мың теңге бөлінген. Бүгінде ескерткішті Ленин көшесі бойындағы Арбат демалу орны маңына орнату жұмыстары басталып кетті. 22 қыркүйек күні ескерткіштің ашылу рәсіміне ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, облыс әкімі Даниал Ахметов, алаштанушылар мен қоғам өкілдері қатысады деп күтілуде.

Сол күні Абай атындағы театрда Шәкәрім университетінің базасында «Алаш және
рухани жаңғыру – идеялар жалғастығы» атты халықаралық ғылыми конференция
ұымдастырылып, Мұхтар Әуезовтің «Алаш арыстары» музейінің жаңа экспозициясының
ашылуы өтетін болады.
Айзада Сламбаева

 466 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *