IMG_9917

36803 әскери бөлімінде «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Бас қаламыз Астанадан келген сарбаздарымыздың ата – аналарын бөлім басшылығы қарсы алып, жайғастырған. Ұлдарымен қауышқан ата – аналары бөлімнің тыныс-тіршілігімен жіте танысып, командирлерімен сұхбаттасып, жағдайларын білісті. Жатын орындарын, ұрыс машиналар паркін, бөлім мұражайын және асхананы аралып шықты.
Атыстың ұйымдастыру ретімен аға сержант Н.А.Мамбаевты көрсетілімді шарасын аяқтағаннан кейін ата-аналар мен бөлімше жеке құрамы сарбаздар дайындаған концерттік бағдарламаны көруге мәдени демалыс орнына жайғасты. Концерт бөлім командирі полковник Е.А.Сүлейменовтың және командирдің орынбасары майор Р.Чакеновтың құттықтау сөз сөйлеуімен басталды. Сөз соңында жақында өткен артиллериялық оқу-жаттығуда үздік жағынан танылған қатардағы жауынгерлер Ж.А.Амировке, А.А.Исинге, Н.А.Саттарға, Д.Т.Әбітайға бөлім командирі алғысын жеткізді.
Балаларының жағдайына, тыныс – тіршілігіне ата – аналары риза болып, оларды тәрбиелеп, нағыз Отан қорғаушысы ретінде дайындап жатқан командирлеріне алғыстарын жаудырды. Қатардағы жауынгер Ә.Қ.Төкеш «Қазақстан – Семей» ұлттық арнасында берген сұхбатында әскерге баруды бала күнінен армандағанын және Қарулы Күштердегі жалғыз ракеталық бригадада Отан алдындағы міндетін атқарып жатқанын мақтан тұтатынын айтты. Бөлім командирі алыстан келген ата – аналарға және сарбаздарға арнайы көлік бөліп, қаланың мәдени, көрнекті жерлерін аралауға жағдай жасады. Іс-шара жоғары ұйымдастырушылықпен өткізілді.

Баспасөз қызметінің сержанты М. Құрманғажина

 483 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *