IMG_7170-копия

Семей.24.08. “Semeyainasy” – Жақын күндері қалалық мәслихаттың өндірістік комиссиясының мүшелері Орталық көше бойында орналасқан сауда нысандары аумағының абаттандырылуына байланысты рейд жүргізген болатын. Нәтижесінде бірқатар бизнес өкілдері депутаттардың сынына ілікті.

Халық қалаулыларының сөзіне қарағанда, семейлік кәсіпкерлердің басым көпшілігі абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына мүлдем немқұрайлы қарайды.

– Мысалы біз тұрған орталық көшедегі мына жиектастар қалай болса солай орналасқан. Асфальт та дұрыс жайылмаған, – деді мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов.

Қаланың абаттандырылуына салғырт қараған кәсіпкерлер депутаттардың ашуына тиді. Енді олар салалық бөлім басшыларымен бірге бұл кемшіліктерді түзетеміз деп отыр. Естеріңізде болса, бұл мәселе осыған дейін де талай рет көтерілген еді. Тіпті қала әкімі бүкіл кәсіпкерлердің басын қосып, жиын да өткізді. Бизнес өкілдерін сынға алып, бұл бағытта атқарылуы тиіс бірқатар міндеттерді жүктеген болатын.

– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ нақылы. Сондықтан бұл іске немқұрайлы қарамай, қоғам болып кірісуіміз керек. Бұл мақсатта жұмсалған қаржыны тиімді игеруіміз қажет, – дейді Қоғам денсаулығын қорғау жөніндегі Басқарма басшысы Бағлан Шегедеков.

Халық қалаулылары тозығы жеткен жаяу жүргіншілер жолына да баса мән берді. Айтуларынша, биыл жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеуден өткізуге қазынадан қаржы қарастырылмаған. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында талқыланатын болатынын айтты өндірістік комиссияның төрағасы Әміржан Ахмеджанов.

Айзада Сламбаева

 530 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *