index (3)

Семей.11.08. “Semeyainasy” – Қаланың солтүстік бөлігінде салынып жатқан 147 гектар аумақты қамтитын «Қарағайлы» мөлтек ауданының құрылысы қарқынды. Мұнда салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызға ие нысандар семейліктердің баспана мәселесін шешіп қана қоймай, жұмыссыз жүрген азаматтарға бірталай септігі тиетін түрі бар.

Шағын аудандағы сары және аспан түстес силикат кірпіштерден бой көтеріп жатқан зәулім үйлер көздің жауын алады. Құрылысшылардың қарқыны жаман емес. Құрылыс жобасының бас мердігер компаниясы «Фирма Азия» ЖШС салып жатқан 3 үй 72 пәтерден, 9 қабаттан тұрады. Осы жылдың наурызында жұмысқа кіріскен құрылысшылар баспананың 5 қабатын көтеріп үлгерген. Бұдан кейін де қолға алынған үйдің 3 қабаты салынып бітті.

-Өздеріңізге мәлім, Семей қаласында аспан түстес кірпіштен салынған тұрғын үйді кездестіру қиын. Қарағайлы ауданында тұрғызылып жатқан үйлердің құрылысына қолданылған көк түсті кірпіштер «Силикат» зауытынан арнайы тапсырыс беру арқылы алдық. Қазір мұнда 130-ға тарта құрылысшы еңбек етеді. Тас қалаушылардың өзі 100 адамды құрайды, электр дәнекерлеуші де бар. Құрылыс жұмыстарының сапасы жіті бақылауда. Тұрғын үй толығымен салынып біткеннен кейін маңайына балаларға арналған ойын алаңқайын салып, жан жағын аббаттандырып, асфальт төсеп, пайдалануға береміз, – дейді құрылыс алаңының прорабы Амантай Мұсаханов.

Айзада Сламбаева

 486 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *