index (2)

Семей.09.08. “Semeyainasy” – Семейдің тәртіп сақшылары ұрлық жасауға әуес 32 жастағы семейлік азаматты құрықтады. Семей қаласы Ішкі Істер Басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлықшының осыған дейін тағы бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталған.

– Ол заңға қайшы қылмыстық әрекеттерін есік құлыптарын бұзу арқылы жүзеге асырған. Осылайша семейлік тұрғын бөтен велосипед, бақша суаратын мотор құрылғылары мен бағалы техникаларды қолды қылып үлгерген. Ол үшін ұрыға санаулы минуттар ғана жеткілікті болған,-дейді полиция қызметкерлері.

Қылмыскердің жалпы келтірген шығын көлемі шамамен 200 мың теңгені құрап отыр. Тәртіп сақшылары ұсталған күдікті азаматтың өзге де қылмыстық істерге қатысы бар ма, жоқ па екенін анықтау үстінде. Кінәсін толығымен мойындаған азамат уақытша ұстау изоляторында қамауда.

Айзада Сламбаева

 469 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *