images

Семейде пәтер иелері кооперативі қауымдастығының (ПИК) ұйымдастыруымен тұрғын үйлер арасында «Үздік подъезд», «Үздік аула» және «Үздік ПИК басшысы» жобалары басталды. Жоба 1 тамыз бен 20 тамыз аралығында өтпек.
Үздік подъезд жобасының шарттары:
– Подъезд бен қоғамдық орындардың, жедел сатының санитарлық талаптарға сай болуы;
– Подъезді абаттандыру жұмыстарының жүргізілуі;
– Тұрғындарының подъездегі тәртіп пен санитарлық талаптарды сақтауға белсенді түрде атсалысуы;
– Подъезд бен баспалдақ аумақтарының және жеделсатының жарықтандырылуы;
– Терезе жақтаулары мен баспалдақ таяныштарының бүтіндігі; почта жәшігі мен әр есікте пәтер нөмірлерінің болуы және подъезд сыртында подъезд нөмірі, пәтер саны, ПИК қызметкерлері нөмірі жазылған тақтайшаның ілінуі;
– Хабарландыру ілуге арналған арнайы орындардың болуы;
– Подъезд тұрғындарының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық мекемесіне қарыз болмауы немесе қарыз мөлшерінің төмендеуі;
– Подъезд сыртына отырғызылған гүлдердің саны;
– Тұрғындардың электр энергиясын үнемдеуге арналған технологияларды қолдануы және осы бағытта шараладың жүргізілуі.
Байқаудың ең жоғарғы балы – 90 балл. Әрбір пункт үшін 10 балл беріледі. Ал «Үздік аула» жобасы бойынша тұрғын үй ауласындағы тәртіп пен тазалық қаталық сақталып, тұрғындар үшін барлық жағдайлар жасалуы керек. Яғни спорт алаңқайлары мен балалар ойын алаңдарының, киім жаю және кілем қағу орындарының, автокөлік тұрақтарының болуы, ауланы жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі тиіс.
Жоба жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталып, тұрғын үй маңдайшаларына «Үздік» деген аталым ілінбек.
Айзада Сламбаева

 891 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *